Астанада өтіп жатқан жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапар аясында символдық мәні бар ерекше шара ұйымдастырылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин елордадағы «Қазақстан мен Ресей мәңгі достығы аллеясында» болып, бірлесіп емен көшетін екті.
Достық пен ынтымақтастықтың символы
Бұл ағаш егу рәсімі жай ғана экологиялық шара емес, мемлекеттер арасындағы терең тарихи байланыстардың көрінісі болып табылады.Жас емен көшетін отырғызу рәсімі екі мемлекет арасындағы өзара құрметтің, берік достық пен көпқырлы стратегиялық ынтымақтастықтың белгісін сипаттайды. Қос ел басшылары бұған дейін де атап өткендей, Астанада бой көтерген бұл аллея мен Мәскеудегі достық сквері халықтар арасындағы мызғымас тату көршіліктің басты нышандарының біріне айналып отыр.
Тамыры терең, діңі берік емен ағашы Қазақстан мен Ресейдің алдағы уақытта да ұзақмерзімді әрі тұрақты негізде дами беретін одақтастық қатынастарының символдық кепілі ретінде аллея сәнін кіргізбек.
Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды — jananews.kz


