Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу барысы туралы айтты.
— Зейнетақы жүйесінің әрі қарайғы қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың лайықты зейнетақы деңгейін белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін министрлік жанынан сарапшылар тобы құрылды. Оның құрамына сарапшылар, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері бар, — деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.
Министрдің мәлімдеуінше, Үкіметке сарапшылар тобының жұмыс нәтижесі жыл соңына дейін ұсынылады.