Балқашта экологиялық акция өтті

2025 жылғы 8 қыркүйекте Балқаш қаласында «Суды сақтаңыз!» атты экологиялық акция өтті. Шараны Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен «AMANAT» партиясының Балқаш қалалық филиалы бірлесе ұйымдастырды.

Бұл іс-шара 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткізіліп, өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыруға және су ресурстарына ұқыпты қарауға бағытталды.

Акцияға қатысушылар — «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары, «AMANAT» партиясының Балқаш қалалық филиалының қызметкерлері және Қарағанды облысының экология департаментінің өкілдері — Балқаш көлінің жағалауын тұрмыстық қоқыстан тазартып, қоғам назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударды.

Экологиялық шараға қала тұрғындарын қоса алғанда, 70-тен астам адам қатысты. Нәтижесінде 50-ден астам қап қоқыс жиналды.

«Суды сақтаңыз!» акциясы — Қарағанды облысында экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады және азаматтарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға ынталандыруды көздейді.

Барша жанашыр азаматтарды осындай игі бастамаларға қосылуға, туған өлкеміздің тазалығы мен амандығы үшін бірге атсалысуға шақырамыз!

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img