Астанада өткен жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путинге екі елдің экология саласындағы бірегей бірлескен бастамасы — Амур жолбарыстарын Қазақстан аумағына қайта жерсіндіру (реинтродукциялау) жобасы таныстырылды.
Жолбарыстарды табиғи ортаға жіберу және бақылау барысы
Мемлекет басшыларына арнайы көрсетілген бейнероликте Ресей тарапынан берілген 4 Амур жолбарысын Алматы облысындағы «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына ресми түрде жіберу сәті таспаланған. Түз тағыларын жаңа ортада қорғау және ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында жолбарыстарды ашық табиғи ортаға жібергенге дейін олардың әрқайсысына арнайы жерсеріктік қарғыбаулар орнатылды. Бұл құрылғылар мамандарға жыртқыштардың қозғалыс бағытын, миграциясын және жаңа климаттық ахуалға бейімделу процесін қашықтықтан жіті бақылауға мүмкіндік беретін шаралар қабылданды.
Жобаның негізі және экологиялық маңызы
Бұл бірегей экологиялық жоба қос мемлекет басшыларының бұған дейін қол жеткізген ресми уағдаластықтарының нәтижесінде іске асты:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына ресми түрде қол қойылған еді. Осы бекітілген жоспар мен уағдаластықтарға сай, Ресей тарапы Қазақстанға 4 Амур жолбарысын сыйға тартты.
Мамандардың пікірінше, бұл халықаралық бастама Қазақстан табиғатында жойылып кеткен жолбарыстар популяциясын қайта қалпына келтіруге және жаһандық деңгейдегі биоалуантүрлілікті сақтау ісіне зор үлес қосады.
Қазақстан мен Ресей арасында қол қойылған құжаттар тізімі қандай? — jananews.kz


