«Astana Media Week» биыл 10-шы рет өтеді

Қазақстанның медиа саласындағы ең ауқымды және маңызды оқиғалардың бірі – «Astana Media Week» биыл оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр.

Елордада өтетін бұл дәстүрлі шара отандық және шетелдік сала мамандарын бір алаңға жинайды, деп хабарлайды jananews.kz.

Негізгі тақырып пен қатысушылар

Ағымдағы жылдың 14–16 қазан аралығында өтетін медиаплатформаның басты тақырыбы – «MEDIA. HUMAN. AI: 10 жылдық трансформация. Сенімнің жаңа архитектурасы». 3 күнге созылатын ауқымды бағдарлама аясында өзекті мәселелер талқыланады:

— Жасанды интеллектінің (ЖИ) журналистикаға, медиаға және контент өндірісіне тигізетін ықпалы;

— Цифрлық қауіпсіздік пен технологиялық платформалардың жауапкершілігі;

— Қазіргі қоғамдағы аудитория сенімінің өзгеруі.

Биылғы шараға беделді қазақстандық және әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Euronews, Meta, Tik-Tok және Q.AI компанияларының өкілдері, танымал медиасарапшылар қатысатынын растады. Сонымен қатар көршілес Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің медиа өкілдері де арнайы келеді.

Бағдарламаның маңызды бағыттары

Central Asia in English зертханалық апталық аясында өңірді жаһандық аудиторияға таныстыру және аймақтық өзіндік медиа нарративтерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

15 қазан – Қазақстанның креативті индустриясы, медиа нарықтағы экономика, жарнаманың жаңа модельдері және ақпараттық саясаттағы өзгерістер талқыланып, практикалық шеберлік сабақтары өтеді. Сондай-ақ дәстүр бойынша «Үздік баспасөз хатшысы» және «Үздік баспасөз қызметі» марапаттары табысталады.

16 қазан – мерейтойлық медиа апталық дәстүрлі түрде Qazaqstan Media Awards салтанатты марапаттау рәсімімен қорытындыланады.

Алматыда Вьетнам мен Чехияны байланыстыратын жаңа әуе рейсі іске қосылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img