Билл Гейтс ЖИ-дың дамуынан туындайтын қауіптерге тоқталды

Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс жасанды интеллекттің (ЖИ) қарқынды дамуы мен оның туындататын жаһандық қауіптеріне алаңдаушылық білдірді.

NBC News хабарлауынша, миллиардер осы жылдың қараша айында ҚХР Президенті Си Цзиньпинмен кездесіп, ЖИ-дың қауіпті модельдерін шығаруды шектеу бойынша халықаралық хаттамаларды талқылауды жоспарлап отыр. Гейтстің пікірінше, егер АҚШ пен Қытай бұл мәселеде ортақ мәмілеге келсе, жаһандық деңгейде қатаң бақылау орнатуға толық мүмкіндік бар.

Жасанды интеллектті реттеу және халықаралық бақылау тетіктері

Билл Гейтс ЖИ саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірқатар жаһандық қадамдар жасауға шақырады. Ядролық инспекция жүйесі, халықаралық авиация ережелері мен озон қабатын қорғау келісімдеріне ұқсас, жасанды интеллектті қадағалайтын арнайы жаңа халықаралық ұйым құру қажет. ЖИ-дың қауіпті молекулаларды синтездеу және биологиялық шабуылдар ұйымдастыру қабілетіне қатаң халықаралық бақылау орнатылуы тиіс екенін алға тартты. Сондай-ақ OpenAI, Anthropic және Meta Platforms технологияларын қолданып нақты веб-сайттарды бұзу жағдайлары мен кибершабуылдар қоғамды терең ойландыруы керек. Оның айтуынша Америка бұл үдерісте жетекші рөл атқарып, халықаралық қауымдастықпен бірге тиісті критерийлер мен шектеулер белгілеуі қажет.

Еңбек нарығын қорғау және Гейтс қорының жобалары

Гейтс жұмысшылардың орнын жаппай ЖИ-мен алмастыратын компанияларға арнайы салық салуды және жұмыс орындарының кем дегенде 40%-ын адамдарға сақтауды ұсынды. Ол қоғамның еңбек нарығындағы болашақ өзгерістердің ауқымын толық бағаламай отырғанын атап өтті. Қор 2045 жылға қарай ЖИ саласына көбірек көңіл бөліп, 200 млрд доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Anthropic компаниясымен жүктілікті скринингтеу және OpenAI-мен Руандадағы дәрігерлерге арналған құралдарды әзірлеу бойынша бірлескен жобалар жүзеге асуда.

Балабақша кезегі 160 мыңнан 23 мыңға дейін қысқарды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img