Биыл 962 шақырым канал пайдалануға беріледі

Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аграрлық сектордағы суармалы жерлердің өнімділігін арттыру және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі елімізде жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын суару каналдарын реконструкциялау жобаларын қарқынды жүзеге асыруда. Министрліктің таратқан мәліметінше, ағымдағыжылдың қорытындысы бойынша 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл шара 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтылу сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Халықаралық қаржы институттарымен бірлескен жобалар

Қазақстанның су шаруашылығын жаңғырту мақсатында әлемдік даму банктері белсенді тартылуда.

2024-2025 жылдары министрлік Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірге (ЕҚДБ)  шамамен 1,5 мың шақырым суару каналын жаңғыртты. Осы серіктестік аясында іске асырылған 46 жоба 2026 жылдың басында толық аяқталды. Қазіргі уақытта тағы 21 жоба атқарылуда (жоспарланған 717 шақырымның 502 шақырымы дайын).

Ислам даму банкінің (ИДБ) қолдауымен қолға алынған 9 жоба аясында жоспарланған 635 шақырымның шамамен 600 шақырымы қайта жаңғыртылды. Биыл Ислам даму банкімен бірлескен «Климаттық өзгерістерге төзімді су ресурстарын дамыту» бағдарламасы шеңберінде тағы 88 суару каналын реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Каналдарды автоматтандыру және Қаныш Сәтбаев атындағы нысанды жаңғырту

Заманауи кезеңде су ресурстарын үнемдеу тек арналарды жөндеумен шектелмейді, мұнда цифрлық бақылау жүйелерін енгізу маңызды рөл атқарады. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімовтің мәлімдеуінше, бұл бағытта келесі жүйелі шаралар іске асырылуда:

— Еліміздің оңтүстік аймақтарында жалпы ұзындығы 968 шақырымды құрайтын, 65 мың гектар суармалы алқапты қамтитын 103 суару каналын автоматтандыру жұмыстары қолға алынды.

— Бұған дейін жөндеуден өткен жалпы ұзындығы 1184 шақырым болатын 270 каналды автоматтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар заманауи есептеу элементтерін көздейтін тағы 264 каналдың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

— Арнайы бекітілген Жол картасы аясында стратегиялық маңызы бар Қаныш Сәтбаев атындағы каналда ауқымды техникалық қайта жарақтандыру жүруде. Нысанда 19 сорғы агрегаты мен 17 трансформаторды толық ауыстыру көзделген.

 

Тоқаев: біз өнімді сақтаудың озық инфрақұрылымын дамытып жатырмыз — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img