Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы толық матчында командадағы ең жоғары бағаға ие болды

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев ағылшындық «Бернли» клубының сапында алғаш рет алаңда 90 минут толық ойнап, командадағы ең жоғары баллға ие болды.

Англия Чемпионшиптің үшінші туры аясында «Норвичке» қарсы өткен кездесу «Бернлидің» 1:4 есебімен жеңілісімен аяқталғанына қарамастан, отандасымыздың жеке ойыны сарапшылар мен талдау жүйелері тарапынан жоғары бағаланды.

«Норвичке» қарсы матч статистикасы мен жеке көрсеткіштері

Flashscore порталы Дастан Сәтпаевтың ойынына 7,5 балл берді, бұл — матчтағы «Бернли» футболшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

Қарсылас қақпасына 3 рет соққы жасап, біреуін қақпаға дәл бағыттады (xG көрсеткіші – 0,15). Қарсылас айып алаңында допқа 8 рет тиіп, 8 дриблинг әрекетінің 4-ін сәтті орындады және өзіне қарсы 1 ереже бұзуға себеп болды. 3 шешуші пас беріп (xA – 0,39), алаңның соңғы үштен бір бөлігіне бағытталған 14 пастың 8-ін дәл жеткізді. Жалпы 30 пастың 23-і сәтті өтіп, дәлдігі 77% құрады. 11 жекпе-жектің 4-інде жеңіске жетіп, 2 рет допты қағып алды және 3 мәрте допты өз командасының бақылауына қайтарды.

Чемпионшипте сәтсіздікке ұшыраған «Бернли» келесі кездесуін өз алаңында «Мидлсбро» командасына қарсы өткізеді. Матч 3 қыркүйектен 4 қыркүйекке қараған түні болады деп жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Вице-президент лауазымына тағайындады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img