Қазақстанда ЖРВИ сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуі байқалады.
Соңғы бір апта ішінде ауру жұқтыру көрсеткіші 6,8%-ға азайған, ал эпидемиялық маусым басталғалы бері жалпы сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3%-ға төмендеді, деп Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап jananews.kz хабарлайды.
Сырқаттанушылық статистикасы және басым вирустар
Ведомство мәліметінше, соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 133 052 дерегі тіркелген. Ал эпидемиялық маусым басталғалы бері республика бойынша барлығы 1 453 967 жағдай анықталды. Қазіргі эпидемиологиялық ахуал күзгі кезеңге тән маусымдық деңгейге толық сәйкес келеді. 1 қыркүйектен бастап жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде вирустар расталды. Зертханалық жолмен 297 жағдай анықталды, оның 295-і — A(H1N1) вирусы, ал 2 дерек — B типті тұмау болған. Сонымен қатар халық арасында риновирустар, бокавирустар және аденовирустар басым таралуда.
Вакцинациялау қарқыны және стационарлардың дайындығы
Елімізде тұмаудың алдын алу мақсатында 2 065 649 адам вакцина салдырды, бұл жоспарланған меженің 93,9%-ын құрайды. Вакцина Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді. Сонымен қатар инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсету үшін республика бойынша 13 335 инфекциялық төсек-орын әзірленген.
Қазіргі таңда олардың жалпы жүктемесі 63%-ды, ал балаларға арналған төсек-орындардың қамтылуы 69,4%-ды құрап отыр. Мамандар респираторлық вирустардың таралуына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Енді азаматтардың шағымын өзара сілтеуге жол берілмейді — jananews.kz

