Қазақстанда еңбек нарығындағы белсенділік пен халықтың қай салаларда көбірек еңбек ететіні маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің бірі.
Статистикалық деректерге сәйкес, ел экономикасының әртүрлі секторларында миллиондаған азамат қызмет атқаруда. Бұл мақалада қазақстандықтардың басым бөлігі жұмыс істейтін негізгі салалар, олардың үлесі және еңбек нарығындағы соңғы өзгерістер қарастырылған. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, ел экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам еңбек етуде. Жалдамалы қызметкерлер саны 7,3 миллион адамды құраса, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2,1 миллион адамды құрайды.
Халық ең көп жұмыс істейтін топ-7 сала
Қазақстандықтардың жұмыспен қамтылуы бойынша ең жоғары үлеске ие экономикалық бағыттар:
-
Сауда — 16,8% (халықтың ең үлкен бөлігі осы салаға тиесілі);
-
Білім беру — 13,3%;
-
Өнеркәсіп — 12,4%;
-
Ауыл шаруашылығы — 10,5%;
-
Көлік және қойма қызметі — 7,1%;
-
Құрылыс — 6,8%;
-
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету — 6,6%.
Қай салаларда жұмысшылар саны артты?
Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда бірқатар салаларда қызметкерлер санының өсу динамикасы байқалады. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен байланысты қызмет саласында байқалды. Мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 37 мың адамға көбейген. Білім беру саласында өсім 31,1 мың адамды, денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамды құрады.
Қазақстанда Сингапур капиталы бар 500-ге жуық компания жұмыс істейді — jananews.kz

