Кәмелетке толмаған баланы АҚШ-тан заңсыз алып кету: Алматыда халықаралық іздеу жарияланды

Халықаралық отбасылық құқық пен қылмыстық заңнама аясындағы ең күрделі мәселелердің бірі — ата-ананың бірі кәмелетке толмаған баланы екінші тараптың рұқсатынсыз басқа мемлекетке заңсыз алып кетуі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының құқық қорғау органдары АҚШ азаматы, аутизм дертіне шалдыққан кәмелетке толмаған баланы Қазақстан аумағында заңсыз ұстап, сот шешімдерінен жасырынып жүрген Онаева Сананы және оның баласын қылмыстық полиция желісі арқылы шұғыл іздестірілуде. Бұл іс бойынша екі елдің сот және атқарушы билік органдары тарапынан қабылданған ресми шешімдер мен құқықтық әрекеттердің толық хронологиясы заңды негізде төмендегідей өрбіді.

АҚШ сотының шешімдері және қамқоршылықтың белгіленуі

Гийом мен Сана 2020 жылы Америка Құрама Штаттарында заңды некеге тұрған. 2021 жылы 9-қыркүйекте олардың ортақ некесінен АҚШ азаматы — Гарро Максимилиан Алихан Франсуа (Garreau Maximilien Alihan Francois) дүниеге келді. Балаға медициналық тұрғыдан аутизм диагнозы қойылған.

2023 жылы 10-ақпанда Гийом Сан-Франциско қаласындағы Калифорнияның жоғарғы сотына ажырасу туралы және Сана тарапынан дене жарақатын салу арқылы жәбір көргені жайлы ресми арыз түсірді;

Сана тарапынан отбасында агрессивті мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің жиілеуіне байланысты Гийом заңды түрде өз құқығын қорғауға мәжбүр болды. Бұған дейін де 2017 жылғы 20-сәуірде Сананың бұрынғы жұбайы Эдуард Кабаллеро да зорлық көргені туралы құқықтық арыз жазған болатын.

2023 жылы 15-ақпанда Сананың заңсыз әрекеттеріне байланысты АҚШ соты Гийомның өтінішін қанағаттандырып, оның пайдасына қорғау нұсқамасын (қорғау туралы сот бұйрығын) шығарды және Санаға жұбайына жақындауға тыйым салды.

2023 жылы 22 ақпан күні Сана АҚШ сотына Гийомға қарсы жауап ретінде қорғау нұсқамасын шығару туралы негізсіз арыз берді. Алайда сот Сананың жалған айғақ бергенін анықтап, оның өтінішін қабылдаудан бас тартты.

2023 жылы 22-тамызда АҚШ соты ұлына қатысты толық заңды және физикалық қамқорлықты ресми түрде әкесі — Гийомға берді.

Баланың Қазақстанға келуі және заңсыз алып қалынуы

2024 жылғы 21-ақпанда АҚШ соты, Гийомның негізді қарсылығына қарамастан, Санаға ұлымен бірге Наурыз мерекесін өткізу үшін Қазақстан Республикасына баруға уақытша рұқсат берді. Сот бұйрығымен нақты бекітілген міндетті шарттар мен мерзімдер:

— Санаға баламен бірге Қазақстан аумағында тек 2024 жылдың 16-наурыздан бастап 30-наурызға дейінгі аралықта ғана болуға рұқсат берілді;

— 2024 жылдың 30-наурыздан кешіктірмей Сана ұлымен бірге АҚШ-қа қайтып оралып, баланы заңды қамқоршысы Гийомға тапсыруға міндеттелді;

— Қазақстанда болған уақытта әкесімен бейнебайланыс арқылы тұрақты сөйлесуді қамтамасыз ету және баланың орналасқан жерін қадағалау үшін GPS-і бар AirTag құрылғысын пайдалану міндеттелді.

Алайда Сана бұл сот бұйрығын өрескел бұзып, 2024 жылдың 31-наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін (яғни 2 жылдан астам уақыт бойы) баланы Қазақстанда заңсыз ұстап отыр. Ол әкесін толық бұғаттап, баланың ағылшын тілді ортасынан айырылуына және психологиялық жарақат алуына себепкер болды.

Халықаралық іздеу және АҚШ органдарының реакциясы

Сананың баланы заңсыз алып қалуы (ұрлауы) халықаралық деңгейде қылмыстық істің қозғалуына негіз болды:

2024 жылы 17-сәуір күні АҚШ-тың құқық қорғау органдары Сана мен оның ұлын «хабар-ошарсыз кеткендер» ретінде АҚШ-ның ұлттық қылмыстық дерекқорына (NCIC) енгізді. 2024 жылы 23-сәуір күні №FDI-23-797607 ісі аясында АҚШ соты қосымша бұйрық шығарып, Сананың баланы ұрлап әкеткенін ресми бекітті, оған басқа мемлекеттің төлқұжатын алуға тыйым салды және баланы дереу АҚШ-қа қайтаруды талап етті. 2024 жылы 6-тамызда сот ерлі-зайыптылардың ажырасуына заңды рұқсат берді.

2024 жылғы 30-сәуір күні АҚШ полициясының тергеушісі Вивиан Лесса Алматыдағы АҚШ консулдығы қызметкерлерінің қатысуымен келіссөз ұйымдастыруға әрекет жасағанымен, Сана бас тартты.

2024 жылдың 7 мамыр және 10 мамыр АҚШ соты мен полициясы Сананы сот актілерін қасақана орындамағаны және баланы ұрлап әкеткені (ауыр қылмыс) үшін оны қамауға алу туралы федералдық ордер шығарды. 2024 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласындағы АҚШ консулы Эллиот Эстебо Санамен байланысу әрекеттерінің нәтижесіз болғанын ресми хатпен растады.

Қазақстан Республикасы Сот Жүйесінің заңды үкімі

Баланың заңды әкесі Гийом Қазақстан Республикасының сот органдарына заңсыз ұсталып отырған баланы қайтару туралы талап арыз түсірді. Қазақстан тарапы бұл мәселені халықаралық құқық нормалары аясында қаралды:

1. 2024 жылы 4-қарашада Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандірылған ауданаралық соты судья Т.А. Дюсембекованың төрағалығымен 1980 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес, баланың Қазақстанда заңсыз ұсталып тұруын танып, оны тұрақты тұратын елі — АҚШ-қа қайтару туралы заңды шешім шығарды.
2. 2025 жылы 20-қаңтар күні Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылып, ресми түрде заңды күшіне енді.

Бұған дейін де, 2024 жылы 20-қыркүйекте ҚР Ювеналды сотының ұйғарымымен талапты қамтамасыз ету мақсатында Санаға баламен бірге Қазақстаннан шығуға және Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 237-үй, 23-пәтер мекенжайындағы тұрғылықты жерін өзгертуге заңды түрде қатаң тыйым салынған еді.

Қазіргі уақыттағы істің жай-күйі: Қылмыстық іздестіру

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, атқарушылық іс-шаралар қылмыстық іздеу деңгейіне ауысты:

2025 жылдың 6-ақпан және 7-ақпан күндері жеке сот орындаушысы А.С. Елтоков Сананың бекітілген мекенжайда мүлдем тұрмайтынын және баламен бірге жасырынып кеткенін анықтады. Прокуратураның заңды санкциясымен Онаева Сананы ресми іздеуге жариялау туралы қаулы шығарылып, Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық полиция басқармасына жолданды.

2025 жылы 6-қыркүйекте ҚР ІІМ Ұлттық орталық бюросы (Интерпол) Сана мен кәмелетке толмаған Максимилиеннің жүрген жерін анықтауға жәрдем көрсету туралы халықаралық тапсырманы іске қосты.

2026 жылы 5-наурызда Алматы қаласы Полиция департаменті Көші-қон қызметінің жинақталған материалдары негізінде, Сана мен оның баласын іздестіру бойынша шұғыл жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу ісін Қылмыстық полиция басқармасына ресми жолдады.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Қылмыстық полиция басқармасы мен Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сот шешімін орындаудан қасақана жасырынып жүрген Онаева Сананы және АҚШ азаматы болып есептелетін баланы іздестіру бойынша белсенді заңды шараларды жүргізілуде. Елдің құқықтық беделін халықаралық аренада сақтау, балалардың заңды мүдделерін қорғау және отбасылық құқықтағы мемлекеттік міндеттемелерді сапалы жүзеге асыру мақсатында қабылданған шаралардың маңызы зор.

Efes пен Coca-Cola компаниялары елімізде 10 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img