Париждегі әйгілі Лувр мұражайында ірі ұрлық орын алды. Жексенбі күні таңертең бетперде киген төрт қылмыскер «Аполлон» галереясына басып кіріп, Наполеон мен императрица Евгенияның топтамасынан тоғыз бірдей бағалы жәдігерді ұрлап кетті. Бұл Луврдағы зергерлік бұйымдар ұрлығына қатысты Франция президенті Эммануэль Макрон X әлеуметтік желісінде жауап берді.
Франция президенті бұл оқиғаны ұлттық мұраға жасалған шабуыл деп бағалап, барлық құнды жәдігерлердің қайтарылатынына уәде берді.
«Луврда жасалған ұрлық — бұл біздің тарихымыз болғандықтан, біз бағалайтын мұраға жасалған шабуыл. Өнер туындыларын қайтарамыз, ал кінәлілер жауапқа тартылады. Осы мақсатта Париж прокуратурасының басшылығымен қолдан келгеннің барлығы жасалып жатыр», — деп жазды Эммануэль Макрон.
Ұрлық қалай болды?
Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, қылмыс өте мұқият жоспарланған. Бетперде киген төрт қылмыскер оқиға орнына екі қуатты TMax скутерімен келген. Олар Сена жағалауындағы құрылыс жұмыстары жүріп жатқан ғимаратқа жеткен. Құрылысқа арналған автокөлік мұнарасын (кранды) пайдаланып, бірінші қабатта орналасқан «Аполлон» галереясының терезесіне тікелей көтерілген. Терезелерді сындырғаннан кейін екі ұры ғимаратқа кірген.
Не ұрланды және ең құнды жәдігер аман ба?
Қылмыскерлер Наполеон галереясы мен француз монархтарының галереясына кірген. Жалпы алғанда, олар Наполеон мен императрицаның зергерлік бұйымдар топтамасынан тоғыз затты, оның ішінде алқа, брошь, диадема және басқа да әшекейлерді ұрлаған. Коллекциядағы ең үлкен, салмағы 140 караттан асатын атақты «Регент» гауһар тасы ұрылардан аман қалған. Алайда, императрица Евгенияның тәжі зақымдалған, бірақ ол Луврға кіреберістегі қораптан табылды. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
Жұртты алаңдатып отырған жайт кейбір гауһар тасты бөлшек саудада сату қаупі бар, бұл зергерлік бұйымдарды қалпына келтіруді едәуір қиындатуы мүмкін.
Ұрлық болған «Аполлон» галереясы – Луврдың ең әсерлі және тарихи маңызды бөлмелерінің бірі.
Еске салайық, бұған дейін YouTube-та жаһандық ақау туындағанын жазған едік.