2026 жылға арналған мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияларды тағайындау конкурсына ресми түрде құжат қабылдау басталды. Бұл бастама отандық мәдениет пен өнердің өркендеуіне, жаңа жобалардың жарыққа шығуына жол ашпақ.
Мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен маңызы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл мемлекеттік стипендиялар отандық мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет пен өнер қайраткерлеріне тағайындалады.
Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін қолдау көзделген.
Қазақстанның мәдениетін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан дарынды шығармашыл жас қызметкерлерге мемлекеттік көмек көрсету мақсатын тұтады. Бұл қолдау өнер иелерінің кәсіби шеберлігін арттыруға, мәдениет пен өнер саласының дамуына тың серпін беруге, сондай-ақ жаңа шығармашылық идеялар мен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Конкурсқа қатысу және құжат тапсыру мерзімі
Байқауға қазіргі уақытта мәдениет және өнер саласында белсенді еңбек етіп жүрген барлық мамандар қатыса алады. Мемлекеттік стипендия қайраткерлердің шығармашылық әлеуетін арттыруға және олардың кәсіби қызметін ынталандыруға тікелей бағытталған. Үміткерлерден өтінімдер мен тиісті құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 1 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Конкурсқа қатысудың нақты тәртібі, қажетті құжаттардың толық тізімі және үміткерлерге қойылатын өзге де талаптар туралы толық ақпарат министрліктің ресми интернет-ресурстарында жарияланған.
Қазақстан Қытаймен бірге 2 жылда «жасыл» зауыт салады — jananews.kz


