Соңғы екі жылда «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына жататын 3 189 қазақстандық Отбасы банктің қолдауымен өз баспана мәселесін шешті.
Егер 2025 жылы бұл көрсеткіш 582 адамды құраса, 2026 жылы қолдау тапқан азаматтардың саны бес есеге жуық артты. Жалдамалы тұрғын үймен 2 274 адам қамтамасыз етілді. Жеңілдетілген ипотека бойынша 740 азамат жылдық 2% мөлшерлемемен өз пәтерін сатып алды. 175 азаматқа жалдау ақысының жартысы төленіп субсидиялау түрінде берілді.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға енгізілген маңызды өзгерістер
Отбасы банк пен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл санаттағы азаматтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтіп, бірқатар жаңа ережелерді бекітті.
2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап бала асырап алу немесе қамқоршылық тоқтатылған жағдайда да азамат баспана кезегіне қойылған бастапқы күнін толық сақтап қалады. Бөлінетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20%-ы осы санаттағы азаматтарға беріледі (мысалы, 100 пәтердің 20-сы жетім балаларға тиесілі). Жетім балалар баспана кезегіне туған сәтінен бастап қойыла алады. 18 жасқа дейін ата-анасынан айырылғандар үшін бұл құқық 29 жасқа дейін сақталады, ал әскерге шақырылғандар үшін бұл мерзім қызмет өткеру уақытына ұзартылады.
Қолдау түрлері мен табыс шектері
2026 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау алу кезіндегі табыс шектері:
— Жалдау ақысын субсидиялау бойынша әр отбасы мүшесіне шаққандағы орташа табыс 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (50 851 теңге) аспауы тиіс.
— Жалдамалы тұрғын үй алу үшін 3 және одан көп адамнан тұратын отбасылар үшін әр мүшеге – 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі (3 адамға – 305 106 теңге); 2 адамнан тұратын отбасы үшін жиынтық табыс – 355 956 теңгеден аспауы керек; Жалғыз тұратын азамат үшін – 279 680 теңге.
— Жылдық 2% жеңілдетілген ипотека бойынша әр отбасы мүшесіне шаққандағы орташа табыс 254 255 теңгеден аспауы қажет.
— 5% мөлшерлемемен заемдары бойынша табыс шегі бір адамға 305 106 теңгені құрайды.
Деректерді тексеру процесі 15 мемлекеттік базамен интеграцияланып, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының цифрлық сервисі арқылы автоматты түрде жүзеге асады.
БҚО-да туберкулез бен бруцеллезге шалдыққандар саны көбейген — jananews.kz

