Қалада жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынбайды

Қазақстан қалаларында ірі жүк көліктерінің қатынауын шектеу немесе олардың қозғалысына толықтай тыйым салу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бул сұраққа Парламент Мәжілісінде өткен брифинг барысында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ресми жауап берді.

Бұл мәселенің қайта көтерілуіне жуырда елордада кәмелетке толмаған велосипедшіні және Шымкент қаласында 11 жастағы баланы жүк көлігі қағып, мерт қылған қайғылы оқиғалар себеп болған еді.

Қайғылы жағдайлар бойынша қылмыстық істердің барысы

Санжар Әділов брифингтің шымылдығын осы оқиғаларға қатысты тергеу амалдарының барысын таныстырумен бастады:

Орын алған қайғылы фактілерге байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша бірден қылмыстық істер қозғалды. Жол-көлік оқиғасына себепші болған жүк көліктерінің жүргізушілері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-автотехникалық сараптама жүргізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр және жақын арада тергеу амалдары толықтай аяқталады.

Министрдің орынбасары жол жүру ережелерін қатаң сақтаған күннің өзінде, жүргізушілер жиі алға тартатын «соқыр аймақ» (көрінбейтін аймақ) немесе басқа да жанама жағдайлар адам өліміне әкеп соққан қылмыстық жауапкершіліктен босатуға ешқандай негіз болмайтынын айтты.

ІІМ-нің ауыр техника қозғалысына қатысты ресми ұстанымы

Журналистер тарапынан қойылған шаһарлар ішінде ауыр техниканың жүруіне толықтай тыйым салу мүмкіндігі туралы сұраққа Санжар Әділов кесімді жауап берді. Министрлік мұндай түпкілікті тыйымның экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін алға тартады. Ведомствоның негізгі уәждері:

Жүк көліктерінің қала аумағында қатынау тәртібі мен арнайы шектеулері қазірдің өзінде жол жүру ережелерінде нақты қамтылған. Бүгінде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өте қарқынды дамып келеді. Жүк көліктеріне қалаға кіруге және шаһар ішінде жүруге толықтай тыйым салу мүмкін емес, өйткені бұл техникалар қалалардағы құрылыс пен инфрақұрылымды дамыту секторларында өте үлкен әрі маңызды жұмыстарды атқарылуда.

Осылайша, Ішкі істер министрлігі қала ішіндегі қауіпсіздікті тыйым салу арқылы емес, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жол жүру ережелерінің сақталуын қатаң бақылау арқылы қамтамасыз етуді көздейді.

Кипр — Қазақстан үшін Еуропа нарығына шығатын сенімді қақпа — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img