Енді көпір құрылыстарын жобалауда әлемдік озық тәжірибелер енгізіледі

Қазақстанның жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту және көпір құрылыстарының қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру мақсатында маңызды халықаралық жобалар бастау алды.

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) Польшаның жетекші ғылыми және инженерлік ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтіп, көпірлерді цифрлық жобалау, нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша бірлескен жұмыстарды қолға алды.

Польша ұйымдарымен серктестіктің негізгі бағыттары

Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстанның жол саласына әлемдік озық инженерлік шешімдерді енгізуге бағытталған бірнеше келісімдер жасалды:

Польшаның Автомобиль жолдары мен көпірлер ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Қазақстанның климаттық, геологиялық және пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, көпір құрылыстарының типтік конструкцияларын қолдану бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Сондай-ақ пилоттық жобалар іске асырылып, нормативтік-техникалық құжаттар әзірленеді.

Көпір құрылыстарын жобалауға маманданған халықаралық компаниямен BIM-технологияларын енгізу, цифрлық модельдер әзірлеу, жобалау және техникалық-сараптамалық қолдау көрсету бойынша келісімге қол қойылды.

BIM-технологиялар және цифрлық модельдеудің артықшылықтары

Жобалау жұмыстарының барлық кезеңінде BIM (Building Information Modeling) — ғимараттар мен құрылыстарды ақпараттық модельдеу технологиясын қолдануға басымдық берілмек.

— Цифрлық модельдерді пайдалану жобалық шешімдердің сапасын арттырып, құжаттама әзірлеу кезеңінде жіберілетін қателіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.

— Жасанды құрылыстардың бүкіл өмірлік циклі бойы олардың сапасын, қауіпсіздігін бақылау және заманауи диагностикалау әдістері енгізіледі.

— Халықаралық тәжірибе алмасу арқылы отандық мостовик-инженерлерді оқыту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламалары жүзеге асырылады.

 

БҰҰ Ирандағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарды айыптады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img