Вьетнам Социалистік Республикасында өтіп жатқан Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Чамен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың стратегиялық деңгейге көтерілгені атап өтіліп, мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың келешегі зор бағыттары талқыланды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, тараптар кинематография, креативті индустрия, ұлттық қолөнер және мәдени туризм салалары бойынша тың серіктестік орнатуға уағдаласты.
Креативті индустрия және бірлескен киножобалар
Мәдени ынтымақтастықты тереңдету мақсатында бірқатар нақты ұсыныстар алға тартылды. Дәстүрлі қолөнер, ұлттық салт-дәстүрлер мен гастрономиямен танысу, шеберлік сабақтары мен шығармашылық бағдарламалар арқылы саяхатшыларды елдің мәдени ортасына тарту. Сонымен қатар екі елдің кино апталықтарын өткізу, кинематографистердің халықаралық фестивальдерге қатысу аясын кеңейту, өзара аумақтарда түсірілімдер ұйымдастыру және бірлескен киножобаларды өндіріске енгізу жоспарлануда. Екі мемлекеттің тарихи қалаларын, мұражайларын, мәдени мұра нысандарын, қолөнер орталықтары мен заманауи мәдени кеңістіктерін біріктіретін кешенді туристік бағыттарын әзірлеу көзделіп отыр.
1 қазаннан бастап Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады — jananews.kz

