Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ресми шақыруымен Шанхай қаласына жұмыс сапарымен барды.

Президенттің Шанхайға сапары аясында бірқатар маңызды мемлекетаралық және іскерлік іс-шаралар жоспарланған, -деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Сапар барысындағы жоғары деңгейдегі келіссөздер мен кездесулер

17-шілде күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Кездесуде саяси, инвестициялық және транзиттік-көліктік байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады. Сапар аясында Қазақстан Президенті қытайлық ірі компаниялар мен корпорациялардың жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізеді. Жиында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мен өндірісті жергіліктендіру жайы сөз болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде болатын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналған Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының (WAIC) ашылуына қатысады.

 

Мемлекет басшысы Катар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img