Израиль елшілігі аумағында атыс болды

Иордания астанасы Аммандағы Израиль елшілігі аумағында атыс болды. Бұл туралы Reuters жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

«Иордания полициясы Израиль елшілігі орналасқан аумақты қоршауға алғаннан кейін атыс естілген», – делінген агенттік хабарламасында.

Куәгердің сөзіне қарағанда жергілікті полицейлер аумақты қоршаған, аталған аумақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаруланған адам көз жұмған, бұдан бөлек 3 полицей атыстан жараланған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img