Көліктегі полиция департаменті 2019 жылы Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air Fokker-100 ұшағы бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
– Қазір Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес күдіктілердің қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысу үстінде. Іс материалдарымен танысу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.