Алматыда тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға, заманауи цифрлық шешімдерді пайдалануға және жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндік беретін жаңа форматтағы AI-кеңсе ашылды.
Мемлекеттік қызметтер, цифрлық технология мен жасанды интеллект жүйесі енді бір кеңседе қолжетімді болмақ, — деп хабарлайды jananews.kz.
Заманауи кеңсе қандай аймақтардан тұрады?
Жаңа кеңсе келушілердің түрлі қажеттіліктерін ескере отырып жасалған. Мұнда мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған жедел қызмет көрсету аймағы, онлайн қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған цифрлық аймақ және кеңесшілер көмегімен күрделі қызметтер алу аймағы қарастырылған. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін кеңсе моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен және eGov GPT сервисі орнатылған ақпараттық экрандармен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда жеке куәлік пен паспорт алуға өтінішті бірнеше минут ішінде өз бетінше беруге мүмкіндік беретін құжаттандыру терминалы орнатылған.
AI-кеңсе жұмысының тағы бір маңызды бағыты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Арнайы жабдықталған аймақта тұрғындар электрондық мемлекеттік сервистер мен жасанды интеллект құралдарын пайдалануды тегін үйрене алады. Оқу сабақтары әр сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
Елде балалар арасында дің жасушаларын донорлыққа беру мүмкіндігі заңмен бекітілмек — jananews.kz

