Azerbaijan Airlines апаттан зардап шеккендерге өтемақы төлейді

Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы Ақтау маңындағы әуе апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқан жандардың отбасына өтемақы төлейді.

— Әзербайжан әуекомпаниялары жабық акционерлік қоғамы бақылау кеңесінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылғы 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Баку-Грозный J2-8243 рейсін орындаған Embraer 190 ұшақ апатында зардап шеккен жолаушылардың әрқайсысына 20 000 манат (шамамен 5 млн теңгеден астам), ал қаза тапқан жандардың отбасына 40 000 манат мөлшерінде өтемақы тағайындалды (шамамен 11 млн теңгеден астам), — делінген әуекомпанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, барлық жолаушы Әзербайжан Республикасының заңнамасына және озық халықаралық тәжірибеге сәйкес қолданылатын тиісті сақтандыру төлемін алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img