Түркістанда Түркі елдері арасында алғашқы шахмат чемпионаты өтуде

Киелі Түркістан қаласында Түркі елдерінің шахмат шеберлері арасындағы тұңғыш халықаралық чемпионат басталды.

Дүбірлі додаға жеті мемлекеттен 24 үздік шахматшы қатысып, чемпиондық тәж үшін бақ сынауда, — деп хабарлайды jananews.kz.

Қатысушы елдер мен жүлде қоры

Чемпионатта Қазақстан, Әзербайжан, Мажарстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары өнер көрсетеді. Ел намысын халықаралық аренада отандық шахматшылар Асия Асылхан мен Айару Алтынбек қорғайды. Ерлер мен әйелдер арасындағы турнирлердің жалпы жүлде қоры 40 миллион теңгені құрайды. Жарыс 27 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Түркі шахмат қауымдастығы 2025 жылғы 20 қазанда Астанада құрылған болатын, ал биыл ұйымға төрағалық ету міндеті Қазақстанға жүктелді.

Қатысушылар мен төрешілердің пікірі

Турнирге Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы, венгриялық 24 жастағы гроссмейстер Адам Козак та арнайы келіп, жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті:

«Мен осы турнирде Түрікменстаннан келген жігітпен ойнадым. Өте күрделі ойын болды, тең түстім. Түркі елдері шахматшыларының басын қосу — тамаша бастама. Қазақстанда, оның ішінде Түркістан қаласында ойнап жатқаныма өте қуаныштымын. Менің мұнда алғаш рет келуім», — деді Адам Козак.

Шахмат турнирінің төрешісі Бекзат Дәулетовтің айтуынша, бұл жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болады:

«Екі жыл бұрын студенттер арасында өткен еді. Енді Түркі елдерінің шахмат қауымдастығы құрылып, бірінші турнирді осы Түркістанда өткізіп жатыр. Бұдан жеңімпаз атанғандар әлем чемпионы болады. Одан кейін әр екі жылда осындай жарыс өтіп тұрады», — деді төреші.

Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтағы халықаралық турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img