Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған Арғын Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды.
«ҚР Бас прокуратурасы А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.
Бұл бап бойынша, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бірер күн бұрын Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған болатын.