27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Мюнхен бағыты бойынша Германияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
Рейс аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) ұшады.
Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.