Ержан Нұрбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды

«ВостокАгроХолдинг» серіктестігінің директоры Ержан Нұрбаев Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің тізгінін ұстады.

Ведомствода өткен жаңартылған кеңес құрамының алғашқы отырысында оның кандидатурасын әріптестері бірауыздан қолдап, ашық дауыс беру нәтижесінде төрағалыққа бекітті.

Министр Айдарбек Сапаров қатысқан алқалы жиында жаңа төрағаға үлкен жауапкершілік жүктелді. Ержан Нұрбаевтың басшылығымен кеңес жұмысы жүйеленіп, Президиум құрамы бекітілді және төрт негізгі тұрақты комиссия құрылды.

Бұл комиссиялар стратегия мен қаржыдан бастап, ғылым, жер мәселелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сияқты саланың ең өзекті бағыттарын қамтитын болады.

Отырыс барысында министр Айдарбек Сапаров жаңа төраға мен кеңес мүшелеріне зор сенім білдірді. Ол қазіргі таңда агроөнеркәсіп саласының алдында тұрған импортқа тәуелділікті азайту, қайта өңдеуді ұлғайту және жасанды интеллектіні енгізу сияқты ауқымды міндеттерді атап өтті. Министрдің пікірінше, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты орнатуда Ержан Нұрбаев басқаратын кеңестің рөлі айрықша болмақ. Жиын соңында жаңа төраға әріптестеріне алғыс білдіріп, бірлескен жұмысқа кірісті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img