2027 жылы Елордада бокстан әлем чемпионаты өтпек

Астана қаласы халықаралық спорт аренасындағы беделін тағы бір мәрте бекемдеп, жаһандық бокстың бас орталығына айналмақ. Елордада 2027 жылы бокстан әлем чемпионаты өтетіні ресми түрде жарияланды.

Бұл ауқымды доданың Қазақстан үшін мәртебесі де, арқалайтын жауапкершілігі Py таудай екені анық.

Ұйымдастыру шаралары мен маңызды кездесулер

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халықаралық World Boxing ұйымының өкілдерімен арнайы кездесу өткізіп, алдағы дайындық жұмыстарын пысықтады. Маңызды басқосу барысында Дүниежүзілік доданың Астана қаласындағы дайындық барысы, Елорданың спорттық инфрақұрылымының халықаралық талаптарға сай әзірлігі және ұйым мен қала билігі арасындағы алдағы уақыттағы тығыз ынтымақтастық жоспарлары талқыланды. Бұл кездесуге World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин мен ұйымның бас хатшысы Том Дилен арнайы қатысты.

Бокс — ұлттық спорт түрі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін еліміздің бокстағы әлеуеті өте жоғары екенін және бұл зор жетістіктердің халықаралық деңгейде толық мойындалғанын ерекше атап өткен болатын. Сонымен қатар, Президенттің алдымызға қойған негізгі мақсаттарының бірі — боксты ұлттық спорт түріне айналдыру болып табылады.

Бокс — қазақ халқының болмысымен біте қайнасқан, қайсарлықтың, темірдей тәртіптің және жеңіске деген мұқалмас жігердің шынайы көрінісі. Алдағы әлем чемпионаты тек ауқымды спорттық дода ғана емес, отандық бокстың әлемдік деңгейдегі биік мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдейтін бірегей іс-шара болмақ. Қала басшылығы бұл халықаралық чемпионатты ең жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын мәлімдеді.

Батыс Қазақстанда вейптерді заңсыз әкелгендер жазаланды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img