Конституциялық сотқа жүгінген кезде қазақстандықтар баж төлеуден босатыла ма?

Парламент Мәжілісінде Салық кодексін жаңа Конституцияға сәйкестендіруді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. Заң жобасын таныстырған Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков құжаттың негізгі мақсаттары мен енгізілетін маңызды жаңашылдықтарды атап өтті.

Конституциялық сотқа жүгіну жеңілдейді

Мәжілісте талқыланып жатқан заң жобасындағы халық үшін ең маңызды нормалардың бірі — азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін кеңейту. Депутаттың мәлімдеуінше, заң жобасы аясында қазақстандықтардың Конституциялық сотқа жүгінген кезде төлейтін мемлекеттік баж салығын толықтай алып тастау ұсынылып отыр. Бұл қадам азаматтардың жоғары сот органына кедергісіз жүгінуіне және өздерінің конституциялық құқықтарын тиімді қорғауына жағдай жасамақ.

Заң заңнамасына енетін басқа да өзгерістер

Құжат аясында салық заңнамасына Құрылтай және Қазақстан Халық кеңесі сияқты жаңадан құрылатын маңызды институттарды енгізу және еліміздегі аймақ атауларын көрсету тәртібін бас қала — Астанаға басымдық бере отырып реттеу өзгерістер қарастырылған.

Ұсынылған жаңа заң жобасы 15 наурызда өткен республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген түзетулер мен өзгерістерді, сондай-ақ «Конституциялық сот туралы» Конституциялық заңға енгізілген түзетулерді іске асыру мақсатында әзірленген.

Бүгін — мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img