АҚШ-та жойқын торнаданың қаупі күшеюде

АҚШ-тың орталық бөлігінде жойқын дауылдар күшейіп, миллиондаған тұрғын табиғи апаттың ортасында қалды. Ұлы жазықтар аумағында өршіп тұрған күшті дауылдар торнадо, ірі бұршақ, екпінді жел және су тасқыны қаупін бірдей күшейтіп отыр.

Апатты аймақтар және қауіп деңгейі

Күн райын болжау орталығы Канзастың орталық бөлігінен Миссуридің солтүстік-батысына және Небрасканың оңтүстік-батысына дейінгі аумақта апат қаупін 5 балдық жүйемен 4-ке дейін көтерді. Мамандардың айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі шұғыл ескерту елде жылына шамамен 14 күн ғана жарияланады.

Қазіргі уақытта Оклахомадан Айоваға дейінгі тұрғындарға торнадо қаупі төніп тұр. Апатты аймақтардың қатарына ірі Канзас-Сити, Омаха, Линкольн және Де-Мойн қалалары кіреді.

Апаттың зардаптары мен негізгі көрсеткіштері

ABC News телеарнасының деректеріне сәйкес, АҚШ-тың орталық аймақтарында шамамен 50 миллион адам жойқын дауыл ықтимал аумақта өмір сүріп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ресми ақпарат түскен жоқ. WSVN телеарнасының таратқан мәліметінше, жексенбі күнгі жойқын дауылдардан кейін аймақта шамамен 20 торнадо дерегі тіркеліп үлгерген. Небраска, Канзас, Оңтүстік Дакота және Айованың солтүстік-батысында желдің жылдамдығы сағатына 112 шақырымнан асып, диаметрі үлкен ірі бұршақ жауған.

Су тасқыны қаупі және синоптиктер болжамы

Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан аймақтарда су тасқыны қаупі де барынша күшейді. Қауіпті деңгей 4 балдың 3-іне бағаланып Небрасканың оңтүстік-шығысына, Канзастың шығысы мен Миссуридің батысы мен орталық бөлігі өңірлеріне ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, сейсенбі күни де Техастан Вермонтқа дейінгі ауқымды аумақта күшті дауыл қаупі сақталады.

Қазақстанда әскерилердің жалақысы жыл сайын өседі ме? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img