Алматыдағы «Рахат» базарының аумағын көркейту жұмыстары басталды

Алматы қаласының Жетісу ауданында бұрын заңсыз орналасқан «Рахат» базарының аумағын көркейту жұмыстары қолға алынды. Бұл шаралар «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында жүргізіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды көздейді.

Базардың заңсыз қызметі және аумақты босату барысы

«Барахолка» аумағында орналасқан «Рахат» базары 2018 жылдан бері қызмет көрсетіп келген. Алайда жер телімін «ТКМ» ЖШС тиісті рұқсат құжаттарсыз пайдаланып, жер және кәсіпкерлік заңнамасының талаптарын бұзған. Заңды күшіне енген сот шешімдерін орындау мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:

2026 жылдың 6 сәуірінен бастап Жетісу ауданы әкімінің аппараты аумақты босату бойынша кешенді шаралар жүргізді. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 150-ден астам кәсіпкер базар аумағынан көшірілді. Кәсіпкерлік қызметтің тоқтап қалмауы үшін әкімдік тарапынан көршілес базарлардан жеңілдетілген шарттармен баламалы сауда орындары ұсынылды. Жұмыс барысында кәсіпкерлер сауда контейнерлерін өз бетінше шығарып, шатырлар мен қоршау құрылымдарын бөлшектеді.

Босатылған аумақта бой көтеретін жаңа қоғамдық кеңістік

Қазіргі уақытта босатылған жерді көріктендірудің арнайы жобасы әзірленіп жатыр. Келушілерге арналған көгалдандырылған әрі жайлы демалыс аймағы құрылады. Аумақтың бір бөлігі «Алматы паркинг» ЖШС қарамағына беріледі. Бұл өз кезегінде көлік қозғалысын реттеп, ауданның көлік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының әкімдігі қала аумағында тәртіп орнату және жер телімдерін заңсыз пайдалануға жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мегаполисте заңдылық пен тәртіпті сақтаудың, сондай-ақ босатылған аумақтарды тұрғындар игілігіне қайтарудың маңызын ерекше атап өткен еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаһандық нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан, былтыр елдеріміз арасындағы тауар айналымы 95 миллиард доллардан асты — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img