Алматы полициясы жүк тасымалын қатаң бақылауға алды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Алматы қаласында жүк тасымалдау талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілуде.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мен жол қауіпсіздігін арттыруды көздейді.

Жыл басынан бергі статистика және рейд мақсаты

Полиция департаментінің ресми мәліметінше, жыл басынан бері қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзудың 819 дерегі анықталып, құқық бұзушылардың жолы кесілді. Қазіргі уақытта рейдтік іс-шаралар мегаполистің барлық ауданында тұрақты негізде өткізіліп келеді және алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасады.

«Біз жүк көліктерінің тентсіз немесе жүк тасымалдау талаптарын бұза отырып қозғалу фактілерін жиі тіркейміз. Мұндай әрекеттер жол жабынының ластануына әкеледі. Бұған жол беруге болмайды. «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Біздің мақсатымыз – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылардың бойында қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін түсіндіру», – деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Абаттандыру қағидалары және негізгі заң бұзушылықтар

Бақылау жұмыстары барысында тәртіп сақшылары абаттандыру қағидаларын бұза отырып жүк тасымалдайтын ауыр көліктерге ерекше назар аударуда. Рейд кезінде жиі тіркелетін негізгі заң бұзушылықтарға мыналар жатады:

— Жүк көліктерінің арнайы қорғаныс тентінсіз қозғалуы;

— Тасымалданатын жүктің тиісті деңгейде қауіпсіз бекітілмеуі;

— Жолдың жүру бөлігіне топырақ, құрылыс қалдықтары мен түрлі сусымалы материалдардың төгілуіне жол беру.

Мұндай құқық бұзушылықтар мегаполистің экологиялық және санитарлық ахуалына кері әсер етіп қана қоймай, өзге көліктер үшін жол қозғалысы қауіпсіздігіне де елеулі қатер төндіреді.

«Алтын Орда» базарында азық-түлік бағасын негізсіз көтерген 7 кәсіпкердің қызметі тоқтатылды — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img