Тері аурулары мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) — халықтың медициналық көмекке жүгінуінің жиі себептерінің бірі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабына сәйкес, азаматтардың денсаулығын қорғауға және тегін медициналық көмек алуға толық құқығы бар. Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының өкілі Сәния Оспанованың түсіндіруінше, тері мен жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау мен емдеу Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттері аясында жүзеге асырылады.
Тегін емделетін негізгі аурулар түрлері
Тегін медициналық көмек көрсету сипаты диагнозға, медициналық көрсетілімге және пациенттің МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне тікелей байланысты:
— Эпидемиологиялық қауіп төндіретін жұқпалы дерматоздар мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (мысалы, мерез/сифилис) ТМККК аясында тегін емделеді.
— Тұрақты бақылауды, жүйелі терапияны немесе биологиялық емді талап ететін ауыр және жиі қайталанатын тері аурулары (псориаз, ауыр дерматиттер, экзема және т.б.).
— Арнайы медициналық күтімді қажет ететін сирек кездесетін генетикалық тері патологиялары.
— Науқастың сақтандыру мәртебесіне қарамастан, шұғыл тері патологиялары кезінде барлық азаматтарға тегін көрсетіледі.
Маманға қаралу және диагностикалау тәртібі
Дерматовенерологиялық көмек алу үшін емделушілерге қолайлы жағдайлар жасалған:
Өңірлердегі көмек пен профилактика жүйесі
Ауылдық жерлер мен шалғай өңірлерде тұратын азаматтар үшін алғашқы көмек дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пункттерде көрсетіледі. Қолжетімділікті арттыру мақсатында телемедициналық кеңестер, жылжымалы медициналық кешендер мен көшпелі қабылдаулар кеңінен пайдаланылуда.
Сондай-ақ, АИТВ/ЖЖБИ инфекцияларының алдын алу жүйесі аясында тұрғындарға құпия тестілеу, байланысқа дейінгі және байланыстан кейінгі тегін профилактикалық көмектер ұсынылады.
Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде үш жаңа міндетті курс енгізіледі — jananews.kz


