Қазақстанда мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, патриоттық тәрбиені нығайту және жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында білім беру саласында маңызды жаңалықтар орын алуда.
Астанада Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қатысуымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырған «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық жазғы сессия басталды. Еліміздің барлық 20 өңірінен келген 300-ге жуық педагог, білім басқармаларының мамандары мен мектеп басшылары қатысып жатқан алқалы жиында жаңа оқу жылында мектеп бағдарламасына енгізілетін негізгі реформалар жарияланды.
5-11 сыныптарға енгізілетін 3 жаңа міндетті курс
Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық орта білім беру ұйымдарында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келесі міндетті бағдарламалар толық қолданысқа енгізіледі:
«Конституция негіздері» курсы: 5-7 сынып оқушыларына арналған. Ата заңның негізгі қағидаттарын ұғындыруды көздейді.
«Заң және тәртіп» курсы: 8-11 сынып оқушылары үшін енгізіледі. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады.
«Жеке қауіпсіздік» курсы: 5-11 сыныптардың барлығында міндетті түрде өтіледі. Балалардың төтенше жағдайларда, тұрмыста және цифрлық кеңістіктегі (киберқауіпсіздік) жеке қауіпсіздік дағдыларын шыңдайды.
Бұған қоса, мектептердегі «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны Жаңа Конституция талаптарына толық сәйкестендіріліп, жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылады.
Жазғы сессияда талқыланып жатқан басым бағыттар
Сессия аясында пленарлық отырыстар мен тақырыптық воркшоптар ұйымдастырылып, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетілуде. Оқу-тәрбие процесіне келесі маңызды идеологиялық және технологиялық концепциялар бірізді енгізілуде:
Көбейтұз көлі «Бұйратау» ұлттық паркінің құрамына енгізіледі — jananews.kz


