2026 жылдың 24 шілдесінде сағат 10:00-де Алмалы ауданының әкімдігі мен Алматы қалалық өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп, ауданда іске асырылған абаттандыру жобаларымен таныстыру мақсатында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз турын ұйымдастырды.
Шара барысында журналистерге «Халық қатысатын бюджет» (BNU) бағдарламасы аясында тұрғындардың ұсыныстары негізінде жасалған жаңа қоғамдық кеңістіктер, жаңартылған көшелер мен тарихи үйлердің қасбеттері таныстырылды.
Пресс-тур аясында араланған негізгі объектілер
Журналистер мен аудан әкімдігі өкілдері мынадай негізгі орындарды аралап, атқарылған жұмыстар нәтижесін көрді:
Тұрғындардың сұранысы бойынша жасалған танымал жаяу серуендеу аллеясының кеңейтілген бөлігі. Жоба 18 мамырда басталып, аяқталуға жақын. Аумаққа 18 000 бұта егіліп, жаңа брусчатка төселді және 2 шақырымдық жарықтандыру кабелі тартылды.
Тығыз қала құрылысы аясында тұрғындармен келісіле отырып құрылған жайлы жаяу жүргіншілер жолы, көгалдандырылған жасыл оазис және балалар мен спорт алаңдары.
Ескі тұрғын үйлердің сыртқы келбетін кешенді эстетикалық жаңарту. Ғимараттар отандық өнім тастарымен еуропалық стильде қапталған. Сондай-ақ Абылай хан даңғылы бойындағы совет кезеңіндегі тарихи архитекуралық элементтер өз қалпында сақталып, реставрацияланды.
Аудан әкімінің мәлімдемелері мен тұрғындардың қатысуы
Алмалы ауданында 270 мыңнан астам тұрғын тұрады және 1800 гектардан астам жер бар. Жыл сайын «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша әр ауданға 2 миллиард теңге бөлініп, жобалар тұрғындардың дауыс беруі арқылы таңдалады.
«Бұл – әкімшіліктің ойы емес, Панфилов көшесінің төменгі бөлігі мен Чайковский көшесіндегі саябақ тұрғындардың өз талаптары мен ұсыныстары бойынша жасалды. Тұрғындар 10 жыл бұрын жасалған Панфиловтың жоғарғы жағы сияқты сапалы жобаны өзге аумақтарда да көргілері келді. Жұмысты бастамас бұрын үйлерге техникалық экспертиза жасап, қасбеттердің сапасын тексереміз. Біз үшін біріншіден – тұрғындардың қауіпсіздігі, екіншіден – жайлылық, үшіншіден – көшелер мен аулалардың дұрыс реттелуі маңызды», — деп мәлімдеді Алмалы ауданының әкімі Шамшин Арман Нуржанович.
Қазiргi таңда аудандағы 60 жобаның ішінен 50-ден астам үйді қамтитын 4–5 ірі нысанның қасбеттерін жаңалау аяқталды. Аулалар мен ғимараттарды жаңғырту жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында толығымен бітуі тиіс. 1800 гектар аумақтағы абаттандыру жұмыстары 2016 жылдан бері тұрғындардың тікелей дауыс беруімен жүзеге асуда.
Панфилов көшесіне 18 мың бұта отырғызылып, жарық жүргізілді. Абылай хан мен Назарбаев көшелеріндегі үйлердің фасадтары реттелді. Чайковский көшесіндегі аулалар абаттандырылып, жаңа спорт және балалар алаңдары пайдалануға берілді.
Автор: Аружан Султанбек

