2027 жылға дейін өңірлерде заманауи травматологиялық орталықтар ашылады

Елімізде жарақат алған пациенттерге медициналық көмек көрсету жүйесін кешенді жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2027 жылға дейін өңірлік травматологиялық орталықтар желісі кеңейтіліп, шокқа қарсы бөлімшелер толықтай қайта жарақтандырылады. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 1 500-ден астам травматолог дәрігер еңбек етеді. Сондай-ақ 81 травматологиялық пункт, 4 мыңнан астам мамандандырылған төсек-орын және 260 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Өңірлік орталықтар мен заманауи Trauma room бөлмелері

Мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамытудың негізгі бағыттары белгіленді:

Қазіргі уақытта мұндай заманауи орталықтар Астана, Алматы, Қарағанды және Балқаш қалаларында сәтті жұмыс істеп тұр. 2027 жылға дейін бұл желі еліміздің барлық өзге өңірлерінде іске қосылады.

Қабылдау бөлімшелеріндегі 210 шокқа қарсы кабинет заманауи халықаралық талаптарға сай Trauma room бөлмелері ретінде қайта жабдықталады.

Жол-көлік оқиғалары жиі болатын автожол учаскелерінде 69 тірек медициналық пункті және танымал туристік аймақтарда 60 маусымдық медициналық пункт құрылады.

Тұрмыстық, өндірістік және балалар жарақатының алдын алу жұмыстары күшейтіліп, азаматтарды алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқыту ауқымы кеңейтіледі.

Шұғыл медициналық көмекті дамыту кезеңдері

Жарақат алған азаматтарға жедел көмек көрсету жүйесі кезең-кезеңімен реформалануда. Ауруханалардың қабылдау бөлімшелеріндегі шокқа қарсы кабинеттерді ең заманауи реанимациялық жабдықтармен қайта жарақтандыру. Республикалық тасжолдардағы қауіпті учаскелер мен демалыс орындарында жедел медициналық бекеттерді іске қосу. Барлық облыстарда мамандандырылған травматологиялық орталықтар желісін құрып, шұғыл көмектің қолжетімділігін арттыру.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img