Америка Құрама Штаттарының Вашингтон университетінің беделді Денсаулық көрсеткіштерін бағалау институты (IHME) зерттеу жүргізді.
The Lancet Gastroenterology & Hepatology халықаралық ғылыми журналында жариялаған соңғы жаһандық зерттеу деректері бойынша, қазіргі таңда әлемде 1,3 миллиард адам бауыр майлануынан (метаболикалық-ассоциацияланған стеатозды бауыр ауруынан) зардап шегеді, ал бұл ауруды тікелей емдейтін дәрі-дәрмек ғылымда әлі жасалған жоқ, ал Қазақстанда жағдай одан да ауыр: еліміздегі бауыр циррозынан болатын өлімнің 73,9%-ы ер адамдарда, 45,2%-ы әйелдерде тікелей алкогольмен байланысты. Осы алаңдатарлық халықаралық статистиканы талдай отырып, осы мәселенің шешімін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымы, PhD — Жадыра Орынбаева дәстүрлі бие сүтінен іздеп отыр. Ғалым ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жас ғалым» бағдарламасы аясында, «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыты бойынша ЖТН № AP32518373 – «Бие сүтінен бөлінген сүтқышқылды бактериялардың бауыр функциясының қалпына келу әсерін зерттеу» атты ғылыми жобасын 2026–2028 жылдары ҰМҒТСО АҚ арқасында жүзеге асыруда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенген соңғы халықаралық зерттеу бойынша, 2023 жылы әлемде 3,15 миллион адам алкогольге байланысты бауыр циррозымен өмір сүрген, ал жыл сайын 419 мыңнан астам жаңа жағдай тіркеледі, Қазақстанда жағдай одан да ауыр: ДДСҰ-ның Қазақстан бойынша елдік профиліне сәйкес, еліміздегі бауыр циррозы жағдайларының 73,9%-ы ер адамдарда, 45,2%-ы әйелдерде тікелей алкогольмен байланысты. Бұл ауруды тікелей емдейтін тиімді дәрі-дәрмек ғылымда әлі жасалған жоқ. Қазақстанда жағдай одан да ауыр: еліміздегі бауыр циррозынан болатын өлімнің 73,9%-ы ер адамдарда, 45,2%-ы әйелдерде тікелей алкогольмен байланысты. Осы мәселенің шешімін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымы, PhD — Жадыра Орынбаева дәстүрлі бие сүтінен іздеп отыр. Ғалым ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жас ғалым» бағдарламасы аясында, «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыты бойынша ЖТН № AP32518373 – «Бие сүтінен бөлінген сүтқышқылды бактериялардың бауыр функциясының қалпына келу әсерін зерттеу» атты ғылыми жобасын 2026–2028 жылдары ҰМҒТСО АҚ арқасында жүзеге асыруда.
Аталған бағыт бойынша Қазақстанның төрт өңірінен жиналған бие сүті үлгілері (Ақмола облысы, Талдықорған, Өскемен, Тараз) – белсенді сүтқышқылды бактериялар бөлініп алынып, түрлік идентификациясы жүргізілуде.
Ия, кездейсоқ емес: бие сүті мен қымыз қазақ халқында ғасырлар бойы ем ретінде қолданылған, ал заманауи ғылым мұның биохимиялық негізін дәлелдеп отыр – бие сүтінің 1 грамында 10 миллионнан астам тірі пайдалы бактерия болады, бұл дайын пробиотиктермен шамалас көрсеткіш. Дегенмен, бұл зерттеулердің көбі шетелдік -негізінен Еуропа мен Азиядан әкелінген дайын бактериялар штаммдарына негізделген, ал бие сүті сияқты бірегей Қазақстандық шикізаттың пробиотикалық әлеуеті, атап айтқанда бауыр функциясына тигізетін әсері тереңдетіліп, ғылыми тұрғыда зерттелмеген.
Жобаның ерекшелігі – тек бактерияны бөліп алумен шектелмейді. Іріктелген штаммдардан жасалған пробиотикалық консорциум егеуқұйрықтарда сыналады, ал оның ішек микрофлорасына тигізген нақты әсері метеганомдық талдау арқылы бағаланады — бұл әдіс алғаш рет дәл осы жергілікті штаммдарға қатысты қолданылады және олардың нақты қалай жұмыс істейтінін генетикалық деңгейде көрсетеді. Қазақстанда осы бағытта алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар, шетелдік зерттеулердің басым бөлігі дайын, импорттық штаммдарға негізделсе, бұл жоба толықтай отандық биоресурс негізінде жүргізілуімен ерекшеленеді.
«Мақсат – отандық шикізаттан бауырды қорғайтын, дәлелденген әсері бар пробиотикалық өнім жасау», – дейді жоба жетекшісі Жадыра Орынбаева. Зерттеу нәтижесінде алынған консорциум клиникаға дейінгі сынақтардан өткеннен кейін, болашақта функционалды тағам немесе биологиялық белсенді қоспа түрінде нарыққа шығуы мүмкін.
Алматыда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасы қолға алынды — jananews.kz

