Қазақстанда электронды сауда нарығы қарқынды өсім көрсетіп, отандық экономиканың толыққанды маңызды секторына айналды.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде онлайн-сауда нарығының көлемі 2,4 трлн теңгеден 3,7 трлн теңгеге дейін ұлғайып, 50%-дан астам өсімді құрады. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электронды сауданың үлесі 12,7%-дан 14,3%-ға дейін артты, ал бұл нарықтың 86%-ы маркетплейстерге тиесілі екенінің дәлелі.
Қазақстандықтар көбіне қандай тауарларды онлайн алады
Тұтынушылардың сатып алу дағдылары өзгеріп, онлайн арқылы тек гаджеттер ғана емес, күнделікті тұтынатын өнімдер де жаппай тапсырыс берілуде. Телефондар мен гаджеттер барлық сатылымның 17,1%-ын құрайды, киім, аяқ киім және спорт тауарлары онлайн-нарықтың 12,4%-ын, үй мен саяжайға арналған заттар сатылымның 12,1%-ын, тұрмыстық техника жалпы көлемнің 10,3%-ын құраса, ал азық-түлік өнімдері (e-grocery) сатылымдардың 7,4%-ын құрап отыр.
Жеткізу логистикасының трансформациясы: Dark Store және постаматтар
Жылдам әрі ыңғайлы жеткізу сервистері онлайн-сауда мәдениетін түбегейлі жаңартты. Бұрын сатып алушылар тапсырысты бірнеше күн күтсе, қазір жекелеген тауар санаттары мен азық-түліктер бір сағаттан аз уақыт ішінде жеткізіледі. Азық-түлік пен күнделікті тауарларды шұғыл жинақтау мақсатында Алматы, Астана, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында 5 жаңа Dark Store қойма-дүкені іске қосылды. Тапсырыстарды байланыссыз әрі тәулік бойы алуды қамтамасыз ету үшін маркетплейстер республика бойынша 2 300 жаңа постамат орнатты.
Оңтүстік Кореяның картобы рекордтық аптап ыстыққа байланысты жарамсыз болып қалды — jananews.kz

