Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл қызметке Шыңғыс Сайранұлы Әрінов тағайындалды.
Шыңғыс Әріновтің өмірбаяны мен еңбек жолы
Жаңадан тағайындалған облыс әкімі әскери құрылымдар мен мемлекеттік органдарда мол тәжірибе жинақтаған маман.
Қызмет жолы:
— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды (2006–2022 жж.);
— Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы (2022–2024 жж.);
— Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды (2024 жылғы ақпаннан бастап).
Білімі:
— Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті («Халықаралық қатынастар»);
— Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы («Құқықтану»);
— Азаматтық авиация академиясы («Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»).
Сонымен қатар ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен және ҚР Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.
Отбасы банк соңғы екі жылда 3 мыңнан астам жетім балаға баспана бөлді — jananews.kz

