Елімізде паспортты кімдер тегін ала алады?

Қазақстанда жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, жеке куәлікті алғаш рет алу немесе мерзімі өтуіне байланысты ауыстыру кезінде мемлекеттік баж алынбайды. Алайда паспорт алу рәсімі жалпы жағдайда ақылы болып қала береді, деп хабарлайды jananews.kz.

Паспорт бағасы мен тегін алуға құқылы азаматтар санаты

Паспорттың құны құжаттың көлеміне байланысты жылдық АЕК мөлшерімен есептеледі. 24 беттік паспорт (16 жасқа дейінгі балаларға арналған) – 4 айлық есептік көрсеткіш, 36 беттік паспорт – 8 айлық есептік көрсеткіш, ал 48 беттік паспорт – 12 айлық есептік көрсеткіш болып бекітілген. Дегенмен, заңнамаға сәйкес бірқатар жеңілдікке ие азаматтар паспортты тегін ала алады.

Бұл санатқа Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алғандар, үш дәрежелі «Даңқ» және «Еңбек даңқы», «Алтын Қыран», «Отан» ордендерінің иегерлері, «Батыр Ана» атағына ие болған және «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектігі бар адамның немесе мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын азаматтар, мемлекеттік балалар үйлері мен интернаттарда тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар кіреді.

Құжаттарды рәсімдеу үшін азаматтар өзіне ыңғайлы кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тұрғылықты жеріне қарамастан жүгіне алады. Жалпы тәртіп бойынша паспорт пен жеке куәлік 15 жұмыс күні ішінде дайындалады.

Ультраөңделген өнімдер денсаулыққа неліктен зиян? — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img