«Қызылорда – Жезқазған» тас жолын жөндеу жұмыстары толық аяқталды

Еліміздің оңтүстік және орталық өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары мәресіне жетті.

Бүгін Ұлытау облысы аумағындағы 208 шақырымға созылған соңғы учаскеде көлік қозғалысы ресми түрде ашылып, аталған бағыт бойынша жол жүру уақыты екі есеге қысқарды, — деп хабарлайды jananews.kz.

Ауқымды құрылыс пен инфрақұрылымдық жаңғырту

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған ауқымды жоба аясында жол құрылысына мыңнан астам маман мен 800 арнайы техника жұмылдырылды. Жөндеу барысында 4 миллион текше метрге жуық топырақ төселіп, 1 миллион тонна құм-қиыршықтас және 650 мың тонна ұсақталған тас-құм қоспасы пайдаланылды, сондай-ақ 1,5 миллион тоннаға тарта асфальтбетон жабындысы төселді.

Жол бойында 4 жаңа көпір, 80-ге жуық су өткізу құбыры және мал айдап өтуге арналған 18 арнайы өткел салынды.

Өңіраралық қатынасқа беретін серпін

Бұған дейін «Қызылорда – Жезқазған» күре жолының сапасы сын көтермей, ұзақ жылдар бойы көлік жүргізушілері үшін ең күрделі бағыттардың бірі болып келген еді. Тас жолдың толық жаңғыртылуы оңтүстік пен орталық аймақтар арасындағы көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар бұл жоба жолаушылар ағыны мен транзиттік жүк тасымалының дамуына тың серпін бермек.

Қазақстан травматологиясы қарқынды даму үстінде: шетелдік науқастар легі артып келеді — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img