Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Aitu ұлттық мессенджерін дамытуға, оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және платформаны мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысына толық енгізуге ерекше назар аударды, — деп хабарлайды jananews.kz.
Қызметтік ақпарат тек ұлттық мессенджер арқылы өтуі тиіс
Үкімет басшысы бұл бағыттағы жұмысты барынша жандандырып, толыққанды цифрлық модельге көшуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
«Aitu — жай мессенджер емес. Біз ұлттық экожүйе құруымыз керек, белсендірек жұмыс жасаңыздар. Әсіресе мемлекеттік қызметшілер күн сайын Aitu мессенджерін пайдалануы тиіс, қызметтік ақпарат тек осы ұлттық мессенджер арқылы өтуі тиіс», — деді Олжас Бектенов.
Aitu платформасының қазіргі көрсеткіштері мен мүмкіндіктері
Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ұлттық платформаның қолданыс аясы мен жаңа сервистері туралы баяндады. Бүгінде Aitu желісіне 7 миллионға жуық пайдаланушы тіркелген, ал сервисті күн сайын 350 мыңға дейін адам тұрақты қолданады. Aitu қосымшасын пайдаланған кезде мобильді интернет трафигі үшін ақы алынбайды.
Қазір платформада eGov ChatGPT сервисі іске қосылған, сол арқылы 55 мемлекеттік қызметті тікелей мессенджер ішінен алуға болады. Жыл соңына дейін eGov порталындағы сұраныстардың 75–80%-ын Aitu-ға біріктіру жоспарлануда. Мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары өз жұмысында арнайы Aitu-Workspace қызметін қолданады.
Мысырда жүздеген қабірлер мен алтын тілдері бар үлкен жерлеу орны табылды — jananews.kz

