Қазақстан грек-рим күресінен Таиландтағы халықаралық турнирде тағы екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы грек-рим күресінен Таиландтың Сирача қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде жеңісті жолын жалғастырып, қоржынға тағы екі алтын медаль салды, — деп хабарлайды jananews.kz.

U17 санатындағы чемпиондарымыз

Дүбірлі доданың U17 жас санатында боз кілемге шыққан отандастарымыз қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Марлен Тулеш (71 келіге дейін) салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, турнир чемпионы атанды. Ал Арыстан Темерғали (110 келіге дейін) аса ауыр салмақта сәтті өнер көрсетіп, құрама қоржынына кезекті алтын жүлдені қосты.

Енді рецепт электронды форматта беріледі — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img