Үкімет 2024 жылдың 11 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулыны бекітті.
Құжатқа сәйкес, Ішкі істер министрлігінің құрылымында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.
Демек, ендігі уақытта министрліктің құрамына 5 ведомство кіреді.
Олар мыналар:
- ҚР Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы;
- Қылмыстық атқару жүйесі комитеті;
- Әкімшілік полиция комитеті;
- Көші-қон қызметі комитеті;
- Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.
Iшкi iстер министрлiгiнің құрылымындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін құру есірткіге қарсы қызметтің негізгі бағыттары бойынша функцияларды сапалы деңгейде орындауға, есірткінің қауіп-қатеріне қарсы іс-қимылдан тұратын ұйымдастырушылық бөлігін мемлекетті деңгейде жақсартуға мүмкіндік береді.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.