Төрелік туралы заңнаманы одан әрі жетілдіріледі

Конституциялық сот төрелік туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы мәселені қарауды ұсынды.

Конституциялық сотқа азамат Төрелік туралы заңның 52-бабы 3-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру жөнінде өтініш берді.

Мекеме оны қарап, көрсетілген норманы Конституцияға сәйкес деп таныды.

Аталған норма төрелік шешімнің күшін жою және атқару парағын беруден бас тарту туралы өтінішті қарау кезінде сот төреліктің шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқығы жоқ екенін көздейді.

Сонымен бірге, Конституциялық сот құқықтық салдардың заңдық дәлдігі мен болжамдылығына қатысты құқықтық актілерге қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтады.

Конституциялық бақылау органы өзінің қорытынды шешімінде заңдардың нормалары жеткілікті дәрежеде айқындықпен тұжырымдалуы және оларды өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін болдырмайтын түсінікті өлшемдерге негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Осыған байланысты Үкіметке қаралған заңнамалық актілердің нормаларының құқықтық анықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Төрелік туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы мәселені қарауды ұсынды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img