Сән әлемінің болашағы: Алматыда ауқымды KIDS FACE FASHION SHOW өтті

Өткен демалыс күні Алматыдағы ең зәулім ғимараттардың бірі – «Бақшасарай» салтанат залында балалар сән индустриясының деңгейін жаңа биікке көтерген «KidsFace FashionShow by Atakent Mall» жобасының кезекті маусымы өтті. Атаулы шара тек сән үлгілерін көрсетумен шектелмей, балалар шығармашылығы мен халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналды.

500-ден астам көрерменнің басын қосқан бұл шоуға дайындық жұмыстары үш ай бойы бір уақытта үш ірі мегаполис – Алматы, Астана және Мәскеу қалаларында жүргізілген. Шараның басты ұйымдастырушылары – 7 жылдан бері нарықта сәтті дамып келе жатқан Kids Face модельдік агенттігінің негізін қалаушылары Дана мен Аида.

«Біз тек киім үлгілерін көрсетіп қана қоймаймыз. Біз балалардың өзіне деген сенімділігін арттырып, үлкен сахнада батыл қадам жасауын үйрететін платформа қалыптастырдық. KIDS FACE FASHION SHOW – бұл біз бірге жазып жатқан үлкен тарих», – дейді жоба авторлары.

Сондай-ақ, шара аясында қонақтар үшін арнайы Pop-Up Market көрме аймағы ұйымдастырылып, отандық дизайнерлердің аксессуарлары (Инжу, Mariposa, Маржан Шакитованың шоу-бутигі), Tannur cosmetics өнімдері таныстырылды. Балалар үшін Art Party Boom аниматорлары мен My Room ойын сауық кешені ұмытылмас көңіл-күй сыйлады.

Кештің ең маңызды сәттерінің бірі – түрлі елдердің туы астында өткен халықаралық үлкен шығу (International Runway) және KIDSFACE FASHION SHOW мен ALICT ACADEMY колаббарациясы болды.

Шара соңында сахнаға әлемдік есімі бар хореограф, Гиннестің рекордтар кітабының иегері, Азияны бағындырған грандиозды шоулардың авторы Мелинда Ли мен жоба авторлары шақырылды.

160-тан астам жас модельдер мен жобаға атсалысқан кәсіби мамандар сахнаға бірге шыққан сәтте шашылған мерекелік конфетти KIDS FACE-тің кезекті маусымының жеңісті нүктесін қойды. Жобаның бас медиасеріктесі ретінде «Хабар» телеарнасы, сонымен қатар «Жарық Медиа», «City Style» және jananews.kz ақпараттық порталдары қолдау көрсетті.

Бұл кеш – қазақстандық балалар сән индустриясының халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті үлкен нарыққа айналып келе жатқанының айқын дәлелі.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img