Алматы қаласында шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзу деректеріне бақылау күшейді. Полиция мәліметінше, мыңдаған мигрант пен оларды заңсыз жұмысқа тартқан азаматтар әкімшілік жазаға тартылып, жүздеген адам елден шығарылған.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары жусан тозаңына қарсы отандық PollenVax препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Инновациялық өнім дәстүрлі емдеу мерзімін қысқартып, аллергияның себебін жоюға бағытталған.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығының алдын алу үшін күріш алқаптары шектеліп, су пайдалану лимиттері қысқартылды. Министрлік пен Үкіметтің су үнемдеу технологияларын енгізу және халықаралық келіссөздер жүргізу бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы толығырақ.
Шығыс Қазақстанда аномальді суық жалғасуда. Марқакөл ауданы Шанағатты ауылында ауа температурасы -56 градусқа дейін төмендеді. Құтқарушылар тұрғындарды жолға шықпауға шақыруда.