X компаниясы Grok AI моделіне нақты адамдардың жалаңаш бейнесін жасауға тыйым салды. Бұл шешім халықаралық саяси қысым мен Калифорниядағы тергеуден кейін қабылданды.
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды төлқұжаттар рейтингінде 4 сатыға көтеріліп, 61-орынға жайғасты. Көш басында Сингапур тұрса, Ұлыбритания позициясын жоғалтты.
Германияда 2025 жылы жұмыссыздық деңгейі күрт өсіп, 2013 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Елде 2,9 млн адам жұмыссыз жүр, ал бос жұмыс орындарының саны соңғы 25 жылдағы минимумға түсті.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы болып Руслан Өскенәлі тағайындалды. Бұған дейін ол Qarmet компаниясында және General Electric құрылымында басшылық қызметтер атқарған.
Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылы Qazaq Digital Mektebi жобасын іске қосады. Жүйе мұғалімдер жүктемесін азайтып, шағын мектептерге ЖИ репетиторларын енгізуді көздейді.
Халықаралық журналистер федерациясының дерегінше, 2025 жылы әлемде 128 журналист қаза тапты. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен жоғары. Сондай-ақ 533 тілші түрмеде отыр.