Путин жақында елімізге мемлекеттік сапармен келеді

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин жақын күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл сапар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми шақыруымен ұйымдастырылып отыр.

Жоғары деңгейдегі кездесулер аясында елімізде бірнеше халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары

Екі ел басшыларының қатысуымен өтетін ресми кездесулер барысында екіжақты байланыстарды тереңдету мәселелері басты назарға алынады.

Келіссөздердің негізгі бағыттары Қазақстан мен Ресей арасында орнаған жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі деңгейі мен оның жай-күйі талқыланады. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтудың болашақ перспективаларын пысықтайды.

Халықаралық форумдар мен отырыстар кестесі

Ресей Президентінің сапары аясында Астанада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі ірі жиындар қатар өтеді. 27-29 мамыр аралығында Владимир Путиннің Қазақстанға жасалатын мемлекеттік сапарының ресми мерзімі. 28 мамыр күні Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен ауқымды Еуразиялық экономикалық форум ұйымдастырылады. Ал 29 мамыр Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өткізіледі.

Еске сала кетсек, осы мамыр айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласына арнайы жұмыс сапарымен барып қайтқан болатын. Алдағы мемлекеттік сапар сол жоғары деңгейдегі диалогтың заңды жалғасы саналады.

Тоқаев Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады — jananews.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАРНАМАspot_img