Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2023 жылғы статистикалық деректері бойынша әлемде 3,15 миллион адамда алкогольді шамадан тыс пайдалануға байланысты бауыр циррозы сырқаты тіркелген. Ал ең қауіптісі аталған сырқатпен жыл сайын 419 мыңнан астам жаңа жағдай тіркеледі.
Өз елімізде жағдай одан да ауыр екенін ДДСҰ-ның Қазақстан бойыншаберген деректерінен байқаймыз. Еліміздегі бауыр циррозы сырқатымен ауыратын адамдардың 73,9%-ы ер адамдар, ал 45,2%-ы әйел адамдар екені және олардың сырқаты тікелей алкогольмен байланыстырылады. Бұл аурудытолығымен жазатын тиімді дәрі-дәрмек әлі анықталған жоқ.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінде «Жасғалым» ғылыми жобасы аясында ЖТН № AP32518373 – «Бие сүтіненбөлінген сүтқышқылды бактериялардың бауыр функциясының қалпына келуәсерін зерттеу» атты ғылыми жоба бекітілді.
Аталған жоба бойынша — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалықуниверситетінің PhD докторы Орынбаева Жадыра Ауесовна жоба жетекшісіболып табылады және де зерттеуді бірлесіп жүргізуге Әл-Фараби атындағыҚазақ ұлттық университетінің биология ғылымдарының кандидаты, профессоры Кистаубаева Аида Сериковна ғылыми кеңесшісі ретінде қатысады.

Зерттеу жоспарына сәйкес Қазақстанның төрт өңірінен жиналған бие сүтіүлгілері (Ақмола облысы, Талдықорған, Өскемен, Тараз) алынып, олардан белсенді сүтқышқылды бактериялар анықталып зерттелуде.
Қазақ халқында ғасырлар бойы бие сүті мен қымыз ем ретіндеқолданылған, биотехнология саласы мұның биохимиялық негізін дәлелдепотыр, яғни бие сүтінің 1 грамында 10 миллионнан астам тірі пайдалыбактерия анықталған, бұл дегеніміз бие сүтінің адам ағзасына жағымды әсерін білдіреді.
Шетелдік зерттеулердің көбі Еуропа мен Азиядан әкелінген пайдалы штаммдарға негізделген, ал бие сүті сияқты бірегей шикізаттыңпробиотикалық әлеуетінің адам денсаулығына ықтимал пайдалы әсері, соның ішінде зақымдалған бауыр функциясын қалпына келтіретін ерекше емдік қасиеті ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелмеген.
Жобаның ерекшелігі – бие сүтінен пайдалы бактерияларды бөліп алу арқылы іріктелген белсенді пробиотикалық консорциум алынып, олар клиникаға дейінгі зерттеу кезеңінде егеуқұйрықтарға сынау арқылы проботикалық консорциумның ішек микрофлорасына тигізген нақты әсерінметеганомдық талдау арқылы бағалап — әдіс алғаш рет отандық биоресурсштаммдарына қатысты қолданылады.
Зерттеу нәтижесінде алынған консорциум клиникаға дейінгісынақтардан өткеннен кейін, болашақта функционалды тағам немесебиологиялық белсенді қоспа түрінде пайдалы өнім алу жоспарлануда.
Жас ғалымдардың жобасын ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан бөлінетін қолдау еліміздің ғылыми әлеуетін арттыра түспек.

