Елімізде қанайналым жүйесі ауруларымен есепте тұрған пациенттердің саны 1,9 миллионға жетті.
Алайда жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу мен диагностикалау саласында кадр тапшылығы, құрал-жабдықтардың тозуы және дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері әлі де өзекті күйінде, деп хабарлайды Kazinform.
Саладағы кадр тапшылығы және техникалық мәселелер
2026 жылдың басындағы ресми мәліметтер бойынша еліміздегі кардиологиялық қызметке деген қажеттілік 4 014 маманды құрағанымен, іс жүзінде небәрі 661 маман ғана жұмыс істеуде. Мамандардың жетіспеушілігінен бөлек, медициналық құрылғылардың тозу деңгейі шамамен 40 %-ға жеткен. Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қажеттіліктің тек 40–50 %-ын ғана өтейді.
Депутаттың Денсаулық сақтау министріне жолдаған сауалы
Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Данбаева аталған проблемаларды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жолдаған депутаттық сауалында қатаң сынға алды.
«Бағдарламада саланы қағаз жүзіндегі есеппен емес, науқастың нақты денсаулығымен бағалайтын адамға бағдарланған модельге көшу міндеті айқындалған», – деді депутат.
Осы мәселелерді шешу үшін депутат ерте диагностиканы сапалы түрде жетілдіруді, дәрігерлерді қайта даярлаудан өткізуді, кардиореабилитацияны жан-жақты дамытуды және пациенттердің жағдайын үздіксіз бақылау үшін қашықтан бақылау жүйесін енгізуді ұсынды.
Астанада отандық шеберлерге арналған «Sheber» цифрлық платформасы іске қосылды — jananews.kz

